«НАУРЫЗ- ДУМАН ТАМАША!»
«НАУРЫЗ- ДУМАН ТАМАША!»
АТТЫ МЕРЕКЕЛІК САЛТАНАТТЫ КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
ЖОСПАРЫ: Негізгі бөлім басталуы 10:00
01:30 мин САҒАТ
1-жүргізуші: Ерқанат мырза
2-жүргізуші: Айжан Бекболатқызы
(Жиналған көрермен орындарына жайғасып болғанша оркестр халық күйлерін орындап отырады. Сахнаға балабақша қызметкерлері мен балалар жиналғанда әуен ойналып, би болады (30-40 мин). 09:20-10:00 арасы
Би «Наурыз тойы» барлық қызметкерлермен балалар (Ерназар мырза) 4 мин
Фанфар
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің «Наурыз» мерекесіне арналған «НАУРЫЗ- ДУМАН ТАМАША!» атты мерекемізге қош келдіңіздер!
2-Жүргізуші: Наурыз – мейрам атаулының ұлығы, жылдың басы, тіршіліктің бастауы, күн мен түннің теңелген, тіршілік атаулының жанданып-жасанған, жер дүниенің түлеп-түрленген, мал-жанның өсіп-өнген мезгілі. Наурыз — бұл тек көктемнің ғана емес, ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы.
1-Жүргізуші: Дана халқымыз осынау күнді - «Ұлыстың ұлы күні» деп, ардақтап, оны қай кезде де еңсесі биік ерліктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесіне балаған.
«Наурыз тойы» қойылымы. Сахнадан сүйінші сұраған балалар көрермендерге жол тартып, «Сүйінші-сүйінші, алақай! “Madi kids » бақшамызда бүгін той болады, Наурыз тойы, қарындасымның тұсауы кесіледі, жырдан ән шашу шашылады» сүйінші-сүйінші деп сүйінші жинайды. (Диар, Алан, Дания,Ертөре)
2-жүргізуші: Қызыр баба назары
Жер бетінің ажары
Ақ тілеулі ақ бата
Асыл сөздің ғажабы.
Таратып нұр тамшысын
Мұз еріп, тас балқысын
Қарсы алайық жараңдар
Жақсылықтың жаршысын.
- Сахнаға Қыдыр баба мен Ұмай ана шығады
Қызыр бабаның батасы
Уа ұланым, ұрпағым!
Ұлыс бақты болсын
Төрт түлік ақты болсын
Ұлдарымыз мұратты болсын
Қыздарымыз ұятты болсын
Өзеніміз суатты болсын
Аймағымыз малды болсын
Тоғайымыз талды болсын
Азаматта әл болсын
Атымызда жал болсын
Мерекелі жыл болсын
Берекелі ел болсын
Іштен шыққан даудан сақтасын
Сырттан келген жаудан сақтасын
Жүзіктің көзіндей
Ананың асыл сөзіндей
Даналықтың өзіндей
Балалардың дара отауын
Алла қолдап жебесін
Ескі жыл есіркеп
Жаңа жыл жарылқасын
Бүлдіршіндер болашақтың жастары.
Елімізді көркейтетін әр кезде,
Балалардың ашық болсын аспаны.
Бірлік пен достықты жоғары санаған.
Бейбітшілікті бақыт деп балаған.
Шуақты мекен, кең жайған құшағын
Жасай бер мәңгілік бақшамыз ! /Аумин/ 3 мин
ҰМАЙ АНА ТОЛҒАУЫ
О, киелі мекен, құт-берекем! Тегіңді тебірентіп, тереңнен жеткен ақ тілекті қабыл ал!
Ұлы даланың ұранды ұланы, Ұлыстың ұлық мейрамы ұлы істердің басы болсын!
Тұғырлы елдің туы аспандап, басымызға баянды бақыт қонсын!
Жол бастайтын көсемнің, сөз бастайын шешеннің, салтын сақтайтын халқымның, рухы мықты ұрпағымның өркені өссін!
Ар қорғаған Арулардың, ел қорғаған Батырлардың жасампаздық дәстүрі жалғаса берсін!
Жаратқан Иеміз, көктен жауғызып, жерден өндірсін. Өресі биік жұртымның өскіндері жемісті, өрендері жеңісті, ойлары өрісті, келбеттері келісті кемелденген көкжиегі кеңейе түссін!
Асыл Аналардың абыройы асып, ақ тілеуі қабыл болсын! Аумин! 3 мин
1 - жүргізуші: Жақсылықтың жаршылары Қыдыр атамызбен Ұмай анамыздың баталары қабыл болсын.
Басты кейіпкерлер бейнелерін сомдаған Қыдыр баба – Бердібай Айзере қызымыздың атасы - Жумабеков Бердібай Тұрапбайұлы, Ұмай анамыздың рөлін сомдаған Абухайыр мен Айара балаларымыздың әжесі Есова Рая Кайырбаевна ханымға үлкен алғысымызды білдіреміз!
2 - жүргізуші:
Наурыз тойы жұп жазбай
Досқа құшақ ашайық.
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық.
Той шашуын Нұрлан Айзеренің әжесі Шариякуль ханым және аяулы аналарымыз Серғалы Әлинұрдың анасы Аяулым ханым, Серік Алдиярдың анасы Асия ханым, Искакова Айлананың анасы Сауле ханым шашуын шашып келді. Қарсы алайық!
Осы сәтте әдемі музыка қосылып 1 әже мен 3 ана шашу шашады.
ШАШУ ШАШЫЛАДЫ.
1 - жүргізуші:
Уа, жамағат жинап ал несібеңді, Ризығың асып көл - көсір бола берсін!
2 - жүргізуші: - Тек жүректен арналған сөзіңіз, |
Жақсылықтан жаралған жүрегіңіз. |
Сөз берейік құрметпен өзіңізге |
Қонақтарға арналсын тілегіңіз,- – дей отырып «Madi kids» балабақшасының Құрылтайшылары Эльмира Нұрланқызы зор қошеметпен сахна төріне шақырамыз
|
1- жүргізуші:
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
Қадірлі ағайын, біздің бүгінгі мерекеміз кішкентай бүлдіршіндерімізбен ерекше өткелі тұр. Балапан топ «Бипыл -ай» биімен қарсы алыңыздар! 1:40 мин
Қошеметтеріңіз болсын.
Біздің «Tap-tatti» тобымыздың орындауында «Дастархан» әнің қабыл алыңыздар. 2:05 мин
2- жүргізуші:
Алға қадам, оңға, солға,
Жүгірсін қан, тоңба, тоңба.
Басқа билер қалар жолда,
Билесең егер Қара жорға.
«Аққу» тобының ұлдарының орындауында «Қара жорға»-2 мин
1- жүргізуші:
«Ақ орамал, киелі бақ орамал»- демекші біздің «Жұлдыз» тобының керемет бишілерінің орындауында «Орамал» биі 2.5 мин
2- жүргізуші:
Көркі ғажап көркем,
Нұрын төккен күткен күн.
Күй толтырды көңілге,
Құстар сайрап жеткен күн.
«Жұлдыз» тобындағы баларымыздың құстармен шырқалып орындауындағы әні. 1:15 мин
1- жүргізуші:
Аққу» тобына үлкен қошеметтеріңіз болсын!
2- жүргізуші:
Көңілді бүгін сұлу қыздар
Би билейді мың бұрала
«Аққу» тобының сұлу, биші қыздарын «Көңілді қыздар» биімен қарсы алыңыздар - 3мин
1- жүргізуші:
Қыздарымызды қошеметтеп ортаға «Балапан» тобын «Наурыз көктем» әнін айтуға шақырамыз! (ұлдар мен қыздар жарты шеңбер болып тұрып ән айтады) 3:05 мин
1- жүргізуші:
Қамажай биі – Қазақы бидің мың жылдық болмысы демекші «Жұлдыз» тобының сұлу, ибалы қыздарының орындауында «Қамажай биін» қарсы алыңыздар 3 мин
2- жүргізуші:
Бәйгеде шап,
Ұраның сап.
Шабаңдоз бол,
Бабаңа ұқсап!
«Аққу-Жұлдыз» топтарының мықты жігіттерін ортаға «Шабандоз» биімен шақырамыз -3 мин
1- жүргізуші:
Жетігеннің жеті ішегін мұң алған,
Аты оның жеті әннен құралған - дей келе ортамызда «Жұлдыз» тобының тәрбиешісі Бейсетай Гүлнұр Бейбітқызы және қыздарының орындауында «Илигай» әні. 3 мин
2- жүргізуші:
Әз-Наурыз құтты болсын! Ортамызға «Аққу» тобының өнерлі балаларын «Наурыз» әнімен шақырамыз! 3мин
.................................................
1-Жүргізуші:
Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
2-Жүргізуші:
Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз.
Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар,
Өткеннен бізге жеткен асылы бар.
Сәбидің тәй-тәй кезін қызықтайтын,
Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар.
1-Жүргізуші:
Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.
Күлгенің де той сенің,
Жүргенің де той сенің.
Қызықтасын халайық,
Тұсау кескен бұл күнің
Есте қалсын, жарқыным.
2-Жүргізуші:
Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы шек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады.
Бүгінгі тойымызда «Балапан» тобының ата-аналары атынан Қуаныш мырза мен Айгерім ханым қыздары Ару-сұлтанның «Тұсау кесер» тойын Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұтастырып, қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде «Тұсау кесер» тойын өткізбекші, қабыл алыңыздар. 20мин
Бөбегіміздің тұсау кесер рәсімін Madi kids балабақшалар желісінің құрылтайшысы, көп балалы ана, бизнес вумен Сансызбаева Эльмира Нұрланқызы жүргізеді.
1-Жүргізуші: Тамаша,баламыздың қадамы оң болсын деп кішкентай балапанаымызға тілек батасын беретін Ғалия Қайдауылқызы! (батасын береді)
Батаңызға берер рақметіміз бен сыйлығымызды қабыл алыңыз.
2-Жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн – Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем!
деп халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Madi kids үйірмесінің жетекшісі, Серікқызы Жанельдің орындауындағы қазақтың «Белес» биін тарту ретінде қабыл алыңыздар!
1-Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні бір-бірімізге ізгі тілек айтайық, Наурызда айтылған барлық жақсы тілек орындалады деп жатады. Наурыз барлығымызға құт әкелсін. Сөз кезегін Madi kids балабақшасы ата-аналары атынан Темірлан Сара қызымыздың атасы Абзал Төлеутайұлы Шөгелбаев мырзаға береміз.
- Ата- аналар құттықтау лебізі
2- Жүргізуші: Балабақшамыздың меңгерушісі Нургул Сергазиевна бірге
балабақша ұжымының орындауында Халық әні: «Күміс құмғанды» қабыл алыңыздар.
1-Жүргізуші:Ой қосылсын ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа.
Аман – есен жетейік
Келесі Наурыз тойына!
Наурыз мерекесі әрқайсымызға көтеріңкі көңіл күй, қажымас қайрат, өшпес үмітпен шексіз махаббат әкелсін. Өмірлеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын!
2-Жүргізуші: Ендеше, (ата-аналар, балабақша қызметкерлері, балалар) барлығымыз қосылып «Қара жорға» биін билейік (Хореограф көрсетіп тұрады)
1-Жүргізуші: Құрметті қонақтар, осымен негізгі мерекелік бағдарламамыз аяқталды. Ақ дастарханымыз жайылғанша ортаға барлық топ әкелерін шақырып, баршамыз қазақтың ұлттық ойындарын тамашалайық. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарымыз бар. Ойын бастамас бұрын әділ-қазылармен таныстыра кетейік. (Балабақша қызметкерлері арасынан қазылар тағайындалады).
(асық ату, гір көтеру, қол күрес, күш сынасу, теңге жинау, арқан тартыс)
2-Жүргізуші: «Асық ату» - қазақ халқының байырғы дәстүрлі ойыны. Бұл ойын ғасырлар бойы ұлттың мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігінің ажырамас бөлігі болып келді. Асық ойыны арқылы балалардың дене шынықтыруы, икемділігі, ептілігі ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік байланыстары мен мәдени мұраға деген құрметі қалыптасады.
1-Жүргізуші: «Гір көтеру» - халық арасындағы кең тараған спорт түрі Шойыннан құйылған гірді бір қолмен көтеру арқылы орындалалды. Атақты Балуан Шолақ, Қажымұқан гір көтеру өнерін көрсеткен.
2-Жүргізуші: «Қол қүрес» – арнайы үстелде өткізілетін, өзіндік ережесі бар қол жекпе – жегі.
1-Жүргізуші: «Күш сынаспақ» – бұл ойын стол үстінде екі балаланың білек сынасуымен орындалады.
2-Жүргізуші: «Теңге жинау» - ұлттық ойын. Бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны.
1-Жүргізуші: «Арқан тартыс» - Ойынға қатысушылар тең екі топқа бөлініп, ұзындығы 10 метрдей болатын жуан кендір арқан қолданылады.
Аналармен оюды жалғастыр, ұлттық құндылыққа байланысты сұрақ жауап.
Жүргізушілер: Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде Наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде Наурыз көже әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған жеті түрлі дәм қосылады. Ақ мол болсын деп, молшылық, береке болсын деп, сіздерді ақ дастарханымызға, наурыз көжеге шақырамыз
қонақтарды наурыз көжеге шақыру, дастарқаннан дәм таттыру).

