Балапаннан – Болашаққа
Балапаннан – Болашаққа
Жүргізуші: Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата — ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын.
Қымбатты қонақтар, ата-аналар, балабақша қызметкерлері! Бүгін бізде үлкен мереке. Яғни, бұл мереке-қуанышы мен қызығы мол балалардың «Балабақшамен қоштасу» мерекесі. Олай болса, бүгінгі кешімізді бастаймыз.
(музыка,қошемет)
Ортаға балабақшамыздың құрылтайшысы Эльмира Нурланқызына құттықтау сөз кезегін береміз.
(Құттықтау сөз)
Жүргізуші: Бала-біздің болашағымыз. Ал әр бала ол-болашақ жарық жұлдыз. Бүгін біздің балабақшамыздан ұшқалы отырған бүлдіршіндер де болашақта еліміздің мақтанышына айналатын жарқын жұлдыздар болатынына сенеміз. Олай болса, болашақ жұлдыздарымызды қарсы алыңыздар.
(Балалар орындарына келіп тұрады)
Алтыннан ардақты
Күмістен салмақты бақшамыздың мақтанышы- Айдаров Амир.
Ақылына көркі сай
Біліміне өзі сай бақшамыздың алғыры- Құрманәлі Еркежан.
Ай десе аузы бар
Күн десе көзі бар бақшамыздың сұлуы- Кудиярбекова Айлара
Асқан білімді болатын
Жақсы мақтау алатын бақшамыздың білімпазы- Алихан Даниял
Әдемі ән айтатын
Көңілді боп үйге қайтатын бақшамыздың көңілді бүлдіршіні- Жетен Медина
Бойына жиған өнерді
Әнші, биші өнерлі өнерпазымыз- Рамазанұлы Алишер
Отбасының берекесі
Ата-анасының еркесі- Абдрахман Мухаммад-Али
Аспандағы жұлдыздай
Жағадағы құндыздай бақшамыздың ай-жұлдызы- Демир Сафия
Ізеттілік бар бойынан табылған
Тәртіпті ұл – Кенелбек Ильяс
Достарына жан ашыр
Кішкентай бір керемет – Жасулан Амира
Үлгі болар достарға
Сабырлы жігіт –Сауданбек Әміре
(Мектепке баратын балалар кіріп өз орындарына келіп тұрады)
Жүргізуші:Балалар бүгін бізде мереке!Біз кішкентай сәби болып келген бақшамызбен қоштасқалы тұрмыз.Сендер ер жетіп мінекей мектеп табалдырығын аттағалы отырсыңдар.Менің қолымда болашаққа жол ашатын білім кілті тұр.Біз бұл білім кілтін «Құлыншақ» тобына табыстайық.
(Тентек сахнаға секіріп шығады)
Тентек: Ооооо бұл қандай кілт. Бұны мен алдым.Енді бұл кілтті мен сендерге бірден бере алмаймын.
Балалар: Бұл кілт бізге қажет.Болашақтың есігін осы кілтпен ашқалы тұрмыз.
Тентек:Жақсы,сендерді шабыттандыру үшін кілттің бір бөлшегін беремін.Қалған бөлшектерді алу үшін өз өнерлеріңді көрсетіңдер.(сахнадан шығып кетеді.)
Жүргізуші:Балалар мұңаймаңдар.Біз балабақшадан үйренген өнерлерімізбен келген қонақтар мен тентекті таңқалдырайық.
Өсті міне бойларың
Өсті ақыл-ойларың
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойларың.балаларымыздың балабақшасына арналған тілек жолды тақпақтарын қабыл алыңыздар.
(Балалар тұрған орындарынан тақпақтарын айта жөнеледі)
Жүргізуші: Біз мектепке барамыз.Оқып білім аламыз деп ұрандаған бүлдіршіндеріміздің әнін қабыл алыңыздар!
Ән «Біз мектепке барамыз»
(Тентек пен Жүргізуші сахнаға шығады)
Тентек:Балақайлар қандай өнерлі, өлең шумақтарынаншын бақшасына арналған махаббатырын сезуге болады,
Жүргізуші:Тентек бұл ғана емес,балаларымыз бірінші сынып табалдырығын аттауға дайын тұр.Олай болса сен балалардың биін қарсы ал.
Би «первоклассники»
Тентек:Міне,керемет!Сендер мені таңқалдырудасыңдар.Жарайсыңдар!Мен өз сөзімде тұрғандықтан сендерге білім кілттінің бір бөлігін табыстайын.
(кілттің бір бөлігін беріп,балалар орнына қояды)
Жүргізуші: Тентек балақайлардың өнері бұнымен бітпеді.Біздің балалар ағылшын тілінде ән шырқайды.
Ән ағылшынша
Жүргізуші: Қуаныштан шаттанып
Той тойлайық алақай.
Көңілденіп шаттанып
Би билейік балақай!Балаларымыздың көңілді биіне кезек берейік.
Би «Флешмоб»
Тентек: (ортаға таңқалып шығады)балалар тоқтаңдар,мына билеріңнен кейін менің көңіл күйім көтеріліп қалды.Сендердің бақшадан үйренгендерің көп екеніне көзім жетуде,кілттің тағы бір бөлшегін сыйлағым келіп тұр.
(балаларды кілтті орнына қояды)
Жүргізуші: Тентек біздің бақшада өнерлі балалар бұл ғана емес. Балабақша есігін енді ашқан,кішкентай балапандарымыздың аға-әпкелеріне сыйлығы ретінде «Балапан » тобының биін бірге тамашалайық.
(балапан тобы биін билеп сахнаға шығады.)
Жүргізуші:Бақшаға келген кезі кеше ғана секілді...Қолында ойыншығы,көзі мөлдір,көңілі алаң еді.Бүгінде сол бала – ой бөлісіп,әріп танып,достар тауып,үлкен өмірге аяқ басып тұр.Тәрбиеші апайының құшағында жылынып,алғашқы әнін айтып,алғашқы суретін салып,балабақша бақшасынан мейірім мен махаббат көріп өсті.Бүгінде сол бүлдіршіндер бақшасына арнап ән арнағалы тұр.
Ән «бақшамызға мың алғыс»
Тентек: Достар балабақшаларыңды жақсы көріп,білімге құштар екендеріңді дәлелдедіңдер.Мінекей сендерге «білім кілті».Сендер бар жақсыға лайықсыңдар. Бүгін сіздер балабакшамен коштасып, үлкен өмірге – мектепке аттанып барасыздар.
Алдарыннан ак жол, білімге деген кұштарлык, мейірімді ұстаздар мен адал достар кездессін!Болашактарын жаркын,армандарын аскак болсын! Мектеп өміріне сеніммен кадам басындар!
Жүргізуші:Қарашы, бүгінгі күн қандай,
Қалайша қаласың нұрланбай?
Вальс билесе түлектер
Жер шары айналып тұрғандай!
Би «Вальс»
Жүргізуші: Құрметті қонақтар бітіруші бүлдіршіндеріміздің өздерінің жолын басатын, өздерінен кейінгі бүлдіршіндерге білім кілтін тапсыру салтанатын жасауға рұқсат етіңіздер.
Бітіруші «Аққу» тобының өнерге құштар, білімге деген талпынысы зор алғыр да, ақылды бүлдіршіндеріміздің атынан Амира мен Әміре өз тобының білім кілттін, алғыр да зерек Ортаңғы «Құлыншақ» тобының бүлдіршіндері Абухайыр,Али,Алдияр және Іңкәрға аманат етіп тапсырады.
Білім кілтін тапсыруға рұқсат етіңіздер
(«Жұлдыз» Тобының балалары құттықтайды. Жұлдыз тобы тілектерін айтып Аққу тобының балалары кілтті Әміре мен Амира тапсырады Абухайыр мен Іңкәр қабылдап алады.)
Әміре: Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
Амира: Тіл арқылы табысқан
Тілдің сырын менгерген
Тіл білуді жөн көрген
Ел азаматы болыңдар
Білім кілтін сақтаңдар
Амира : Біз енді балабақшаның кілтін сіздерге тапсырамыз
Іңкәр: Жақсы оқып сабақты
Тәртіпті болып жүріңдер
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік алыңдар
Абухайыр: Біз сендерге ұқсап бақшаның намысын қорғауға уәде береміз.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар, бүлдіршіндер Ересек топтар өздерінің білім кілтін аманат етіп тапсырды. Ортаңғы топ бүлдіршіндері осы балалардың аманаттарын биіктерден көрсете береді деп сенеміз.
Жүргізуші: балабақшамыздың атынан Түлектерге тәтті сыйды ортаға шақырамыз (Торт келеді)
Жүргізуші: «Әр сөзінің түйінін
Жақсылыққа тірейтін,
Қадап айтып ақылын,
Көпке бақыт тілейтін» деп «Мади кидс» бақшасының құрылтайшысы Эльмира ханым мен бақша директоры Нұргүл ханымға сөз кезегін берейік. (Мадақтама,Ата-анаға алғыс хат,сыйлықтарын тапсыру рәсімі)
Тәрбиеші:Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз
Қоштасуға арналған,
Жетен Медина қызымыздың Әнін қабыл алыңыз.
Ән: «Қимай тұрмын»
Тәрбиеші:Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.
Білімдерін ары қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын!
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, қонақтар осымен балабақшамен қоштасу ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет! Сау болыңыздар.


