Family Force: Әке мен бала 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған спорттық сайыс
Family Force: Әке мен бала
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған спорттық сайыс
1-бөлім: КІРІСПЕ
Құрметті ата-аналар, балалар, қадірменді қонақтар!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – Отанын сүйетін, елін қорғауға дайын ер-азаматтар мерекесі. Осы күнде әр отбасының тірегі – әкелердің орны ерекше.
Бүгінгі «Family Force: Әке мен бала» атты сайысымызда әкелер мен балалары өзара ұйымшылдықты, күш-қайратты, тапқырлықты және отбасылық бірлікті көрсетеді. Сайысымыз көңілді өтсін! Баршаңызға сәттілік тілейміз!
2-бөлім: ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗДЕР
Сөз кезегін (мекеме атауы/ұйымдастырушы аты) басшысы, құрметті (аты-жөніне) береміз.
3-бөлім: САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРМЕН ТАНЫСТЫРУ
Жарысқа қатысатын жұптармен таныс болайық! Әке мен бала жұптары аталып, музыкамен сахнаға шығарылады. Қысқаша таныстырылады.
4-бөлім: САЙЫС КЕЗЕҢДЕРІ
1-кезең: "Пазл құрастыру"
Әке мен бала бірігіп, бір суретті толық қалпына келтіруі керек. Тез әрі дұрыс орындаған жұп жеңіске жетеді.
Уақыт: 2-3 минут
Бағалау: Жылдамдық + дәлдік
2-кезең: "Доппен бірге – мәреге!"
Әкелер – теннис таяқшасындағы допты түсірмей, кедергілер арасынан өтіп мәреге жетуі керек. Ал балалар – допты қолында ұстап, мәреге бірінші жетуге тырысады.
3-кезең: "Арқамда – болашағым"
Әкелер баласын арқалап, белгіленген уақыт ішінде қанша рет отырып-тұра алады – соны есептейміз.
Уақыт: 30 секунд немесе 1 минут
Бағалау: Көп рет орындаған жұп жеңімпаз
4-кезең: "Әке тірек – бала мерген"
Әкенің беліне шеңбер байланады. Бала қолындағы доптарды дәлдеп шеңбердің ішіне түсіруі керек.
Әр балаға 5 доп. Бағалау: Дәл түсірген доп саны
5-кезең: "Көз байланған әке"
Көзі байланған әке өз баласын табуы керек. Бала тек дауыс беру арқылы бағыттайды.
Бағалау: Уақыт пен дәлдік
5-бөлім: ҚОРЫТЫНДЫ, МАРАПАТТАУ
Сайысымыздың қызықты да жауапты сәттері артта қалды. Әке мен бала арасындағы сенім мен ынтымақтың, шынайы сүйіспеншіліктің куәсі болдық. Барлық қатысушыларымыз жеңіске лайық!
(Қазылар алқасы шешім шығарып, жеңімпаздар марапатталады: мадақтама, сыйлық, грамоталар)
Баршаңызға белсенділік танытып, мерекелік көңіл-күй сыйлағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз! Әкелеріміз – отбасымыздың тірегі, еліміздің ертеңгі қорғаны. Мерекелеріңізбен тағы да құттықтаймыз!
Келесі кездескенше, сау болыңыздар!

