«Қош келдің, жаңа жыл»
Мақсаты: Балаларға жаңа жыл туралы түсінік беру. Аяз Ата сыйлық беретінін айтып, балаларды қуанышқа бөлеу. Шыршаның әсемдігіне назар аударып, ойыншықтардың әдемілігіне қызықтыру. Ертеңгілік барысында балаларды персонаждарға бөліп, өздері кейіпкерлендіруді ұсыну. Әндер, билер арқылы балаларды өнерге талпындыру. Өлеңдерді мәнермен айтып, ертеңгілікте достық сезімдерін ояту, ән, тақпақ арқылы сөздік қорын дамыту.
Ертеңгілік барысы: Зал іші әдемі безендірілген. Ортада әдемі шырша. Әсем әуенмен әдемі киінген балалар.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар,тәрбиеленуші бүлдіршіндер! Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл құт береке әкелсін! Балаларыңызбен бірге бақытты болыңдар!
Біздің: «Қош келдің, жаңа жыл» ертеңгілімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Бақыт, шаттық, тыныштық
Жылан жылы алып келсін бәрімізге
Жүргізуші: Балалар орындауында ән «Кел, кел, Жаңа жыл» балалар шыршаны айналып жүріп айтады.
Жүргізуші: Ендеше бүлдіршіндеріміздің жаңа жылға арнаған тақпақтарын тыңдайық.
Алдиар
Жаңа жылда бақшамыз,
Гүлдей болып жайнасын.
Аман болсын барлық бала,
Шат - шадыман ойнасын.
Алим
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.
Тамерлан
Аяз ата тыңдаңыз
Тақпақ айтып берейік
Ортамызда шыршамыз,
Ойнап бірге, күлейік
Сан
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оранып
Қасымхан
Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың
Шыңғыс
Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Жүргізуші:
Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып
Олай болса осы кезекте биші балақайларымызды қарсы алайық
БИ: Гусар
Жүргізуші:
Келтірейін сәніңді.
Бұзба енді мәніңді.
Әнші балам, тоқтама,
Шырқап жібер әніңді -дей отыра балақайлармыздың дайындап келген Ақшақар әніне кезек берейік.
Жүргізуші: Олай болса біздің өнерпаз ұлдарымыздың биіне кезек берейік
БИ:Мексиканский би
Жүргізуші:
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүреміз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік.
Ендігі кезекті жаңа жыл туралы тақпақтарға кезек берейік
Айара
Жаңа жыл, Жаңа жыл
Төгілсін жаңа нұр
Сыйлығын сүйретіп,
Келді міне, Жаңа жыл
Мади
Ән саламыз, билейміз,
Жырдан шашу төгілді
Бүгін біздің Жаңа жыл,
Қандай қызық көңілді
Сафина
Аяз ата жол салып,
Ақ боранмен алысқан.
Балаларға базарлық ,
Алып келді алыстан
Сұңқар
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, әке - шеше
Құтты болсын Жаңа жыл
Али
Жасыл желкен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Аиша
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға
Іңкәр
Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
Абухайыр
Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Жүргізуші: Өзінің құттықтау әнімен ортаға әнші балақайларыңыз еліп тұр екен, қарсы алыңыздар!
Ән:
Жүргізуші: Құрметті ата аналар жаңа жыл мерекесіне




