Аяулы Анашым » «Madi kids» балабақшасы»
«Madi kids» балабақшасы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:200340011473
Қабылдау бөлімі:
+7(707) 320-34-64
"Әдіскер:
+7(707) 320-34-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
наурыз
2025

Аяулы Анашым

Жүргізу шығады

Құрметті аналар, әжелер және қонақтар! Бүгінгі 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы анашым» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!

Бұл мереке сіздерге, біздің өміріміздің нұры, шаңырағымыздың шуағы, бала жүрегінің жылуы болғананаларға арналады.

( осы кезде музыка қойылып, көрініс басталады) 

(Ақылбек пен Бұзықбек сахнада отырады

Ақылбек ертеден тұрып, балабақшаға дайындалып отырады

Бұзықбек ұйқысы келіп әрең отырады

Аналары шығып екеуін шақырады Бұзықбек ойын ойнап отыра береді

Ақылбек жиналып бастайды)

Анасы: Балалар қанекей жиналыңдар, балабақшаға баратын уақыт келді

Ақылбек: Бұзықбек, тездетіп ұйқыңды аш

Балабақшаға баратын уақыт болды

Бұзықбек: Менің ұйқым келіп тұр, мен балабақшаға бармаймын

 Анасы: Балам, сен өте ақылдысың ғой

Сен өскенде үлкен азамат болып шығуың үшін, білім алуың керек, тәртіпті болуың керек 

Бұзықбек : Жоқ бармаймын

Маған балабақша керек емес

Анасы: Бармағаны қалай, сені мұғалімің күтіп отыр емес пе?

Бұзықбек: Күте берсін Маған балабақша ұнамайды

Анасы : Ұнамағаны қалай?

Балабақшада сен ойнайсың, ән айтасың, би билейсің ең бастысы білім аласың, тәртіпке үйренесің

Бұзықбек: Маған білім керек де, ән де биде керек емес

Балабақша қызықсыз

Ал үйде телефон, теледидар

Кәмпиттер мен торт

Қанша жесем де, қанша ойнасам да өзім білемін

Ақылбек: 

Бұзықбек бүгін аналар мерекесі , дәл бүгін аналарына ерекше кеш дайындап жатыр

Жүрші бірге барайық

Егер барсаң мен сенің кез келген арманыңды орындаймын

Бұзықбек: Арман?

Ақылбек : иә, солай болсын! Егер сен балабақшаға барсаң мен сенің қалағаныңды жасаймын

Бұзықбек: Қызық екен! Ал онда барсақ барайық! 

Жақсы болды ғой, қалаған затымды алдырамын!!

( Анасы балаларын шығарып салады)

Ақыбек: міне Балабақшаға да жеттік! 

(Ақылбек өз достарын шақырады)

Құлыншақ тобы ортаға келіңдер!!!

( Сахнада Құлыншақ тобы шығады)

Жүргізуші: Ақылбек, Бұзықпек қош келдіңдер! 

Қане балалар, бізің достарымызбен амандасайық!

Бүгін бізде қандай мереке?

Дұрыс айтасыңдар, аналар мерекесі

Біз бүгін асыл аналарымыздың құрметіне өз өнерлерімізді көрсетеміз

Сендерде бізге қосылыңдар

Ақылбек : Жақсы!!

Жүргізуші: Аналардың құрметіне арналатын алғашқы « Ана» әнін қабыл алыңыздар!

Ақылбек: Бұзықбек көрдің ғой, қандай керемет ән! Менің достарым сондай өнерлі

Бұзықбек: Ой бар болғаны осы ма? Бұндай әнді мен үйде де тыңдай аламын

Жүргізуші: Бұзықбек сен балаларды олай ренжітпе

Балалар  бұның барлығын аналарының құрметіне жасап жатыр

Ал сен анаңа сен сыйладың?

Бұзықбек: Мен? Ештеңе

Жүргізуші: 

Сен анаңа өзіңнің тақпағыңмен, тілектеріңмен қуаната аласың! біздің балалар да аналарына тақпақтарына дайындап келіп отыр. Сенде үйренсең болады ( балалардың тақпақтары)


Жүргізуші: Кез келген қуанышты көңілді бисіз елесте алмаймыз!

Бізбен бірге көңіл көтеріп билегілерің келе ме?

Ақылбек: иә!!!

Рокн ролл тобының орындауында би 

Бұзықбек : Мәссаған қандай күшті! Көңіл күйім көтеріліп кетті

Жүргізуші: Әлемдегі ең сұлу және ең керемет атау – «Ана». Ана, мама, mother Қай тілді алып қарасақта « Ана» сөзіжүзімізге қуаныш, көңілімізге

жылулық ұялатады

Ал, біз  ағылшын тілінде де ән орындай аламыз

Қане балалар дәлелдеп берейікші

Балалалардың ағылшын тілінде орындайтын «mother» әнін қабыл алыңыздар

( Бұзықбек көңілсіз отырады) 

Жүргізуші: Бұзықбек саған біздің әніміз ұнамады ма? Неге көңілсіз отырсың

Бұзықбек: Жооқ маған бәрі ұнады

Мен керсінше сіздерге қызығып, ал мен өз анамды қалай қуантамын деп ойлап отырмын.

Мен анамды тыңдамай балабақшаға бармай жүретінмін, ал енді өкініп отырмын. Сендермен бірге ән айтып, би билесем анашым қуанар еді

Ақылбек: Бұзықбек, әлі де кеш емес!

Дәл қазір бізбен бірге би билеп үйренсең болады. Мұқият қарап ал

Жүргізуші:

Джентльмен Биін қабыл алыңыздар!

Бұзықбек: Керемееееет!

Енді бұл жерге тек анамды шақыру ғана қалды

(Ортаға Бұзықбектің анасы шығады)

Бұзықбек : Анашыыыыыым 

Мен балабақшаға бармаймын дегенім үшін кешірім сұраймын

Маған бұл жерде бәрі ұнап жатыр

Мен енді бәрін түсіндім

Ақылбек: Анашым, бүгінгі мерекеңіз құтты болсын!

Анасы: Жаным, балапандарым, мен сендердің әр сәттерің қуанамын! Өйткені, сендер біздің үмітімізсіңдер! Болашақтарың жарқын болсын!


Тәрбиешілер әні


Ән: ата ананы тындаймыз


Жүргізуші: Олай болса аналарымызбен ойын ойнасак қалай карайсыздар, берілген суреттер арқылы мақалдарды табу керек

Әке асқар тау, ана бұлақ

Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер

Анаңды меккеге 3 рет арқалап апарсаңда, қарызыңнан құтыла алмайсың 

Ананың ойы балада, баланың ойы далада

Қыз өссе елдің көркі, Гүл өссе жердің көркі

Қыздың жолы жіңішке

Қызға 40 үйден тиым

Күнің шуағы жылы, ананың құшағы жылы 

Ата-ананың қадірін, балалы болғанда білерсің

Қызым саған айтам, келінім сен тыңда

Қызым үйде, қылығы түзде

Ананың сүтін ақтамағанды, ешкім жақтамайды


Жүргізуші: Кешіміздің соңын әсем бимен тәмәмдағымыз келіп отыр


Жүргізуші: Құрметті аналар мен әжелер! Біздің бүгінгішағын концертіміз сіздердің құрметтеріңізге арналды. Сіздерге денсаулық, бақыт және ұзақ ғұмыр тілейміз!

Мерекелік ертеңгілігіміз өз мәресіне де жетіп қалды. Келгендеріңізге көп рақмет! Аналарымыз бен әжелеріміздітағы да 8 Наурыз мерекесімен құттықтаймыз






Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив