Қош келдің Алтын күз
Жүргізуші: Армысыздар,халайық,
Бармысыздар ,халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Сәлеметсіздерме, құрметті ата — аналар, қонақтар! Бүгінгі біздің жыл мезгіліндегі ең тамаша « Қош келдің Алтын күз!» атты концерттік бағдарламаға қош келдіңіздер! Ортаға «Балдырған» тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар!
(Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Жапырақтар биін билеп балалар келеді)
1: Ән: «Күз тамаша»» әнін қабыл алыңыздар!
2:Ортада Балдырған тобының күз мерекесіне арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Айзере:Келді міне күз Диас:Берекесін сыйлауға
Айнала сары түс Өлкемізге күз келді
Керемет тамаша Жемістерін жинауға
Қандай әсем күз. Шақырады біздерді
Адиль:Сап-сары ғып даланы
Бояпты ғой күз деген
Құстар қанат қағады
Қоштасқандай бізбенен
4: Би:Келесі кезекте Балдырған тобының сүйкімді де тәтті қыздарының биіне кезек берейік
Тиындар биі
Тақпақтар:
Алиасқар:Алақай!Алақай!
Шаттанды балақай!
Күз түсті,дән пісті.
Айтамыз алғысты.
Медина: Көрініп еліме
Күндері мереке
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке.
Сафинур: Жапырақ ұшты,
Суық та түсті
Сонда да бізге
Қызық көп күзде
5:»Күз келгенде»Әнін қабыл алыңыздар!
6:Би:Ендеше Балдырған тобының ұлдарының «Саңырауқұлақ»биін тамашалайық қарсы алыңыздар




